2023 жылы «Майқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер саласында көрсетілетін қызметтер туралы есеп

2023 жылы  «Майқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  мемлекеттік қызметтер саласында көрсетілетін қызметтер туралы есеп

        «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес «Аққулы ауданы Майқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрін көрсетеді:

  1. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу; 
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  3. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
  4.   Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

         Оның ішінде тікелей мемлекеттік мекемеде 5 мемлекеттік қызметтер, тегін негізде 5 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

         2023 жылдың 12 айында Аққулы ауданы Майқарағай ауылдық округі әкімінің аппаратымен барлығы 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді, жеке тұлғаға  3, заңды тұлғаларға  1 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қағаз нысанда - 0 (оның ішінде қағаз нысанда - 0, сондай-ақ 0 мемлекеттік қызмет қағаз нысанда көрсетілді, бірақ олар электрондық үкіметтің веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін) мемлекеттік қызмет көрсетілді, электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы 0 мемлекеттік қызмет, Мемлекеттік корпорация арқылы 0 мемлекеттік қызмет көрсетілді. ЭҮП арқылы 4 мемлекеттік қызмет.

      Кеңінен сұранысқа ие болып табылатын мемлекеттік қызметтер: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».

     Көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы барлық қажетті ақпарат бар. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 25-бабының 3-тармағына сәйкес мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуде басым қызмет көрсетілді, мүгедектер үшін пандус және қоңырау түймесі қарастырылған.

 «Электрондық үкімет» порталының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Майқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орнатылған, бұрыш қажетті компьютерлік техникамен жабдықталған, электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар кез келген азамат өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын пайдалана алады. Халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстары тарату арқылы жүргізіледі.

   Инстаграм желісінде брошюралар мен бейнероликтер жариялау, сондай-ақ оқыту семинарлары өткізіледі.

       2023 жылдың 12 айында аудан бойынша 24 түсіндіру іс-шарасы өткізіліп, халықты – 1050 адам қамтыды.

         

          2023 жылдың өткен кезеңінде «Аққулы ауданы Майқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімін бұзу мен көрсетілетін қызмет алушылардан шағымдар болған жоқ.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағын орындау үшін ауданда 2024  жылдың бірінші жартыжылдығына Аққулы ауданының Майқарағай ауылдық округінің жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушілердің, қызмет алушылардың, депутаттардың және  мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептерді жария талқылау жоспарланған.

     Жария талқылау қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.

     2024 жылы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру, атап айтқанда мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу, «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

 

 

 

 

 

 

Майқарағай ауылдық округ әкімі м.а                             М.Карашашева

 

Хаттама

№1

 

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметтің есебін жария талқылауды өткізу туралы

 

  2024 жылғы 22 қаңтар

   әкімшілік 

15.00 сағат

Округ әкімі, әкімшілік мамандары, қызметті берушілер, депутаттар және қызмет алушылар.

Барлық қатысқан саны: 10 адам

 

Майқарағай ауылы

Өтетін орны                                       

Өтетін уақыты                                      

Қатысқандар                                                

 

 

 

 Күн тәртібі

«Аққулы ауданының Майқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

 2023 жылғы мемлекеттік  қызмет көрсету туралы есепті тындау

 

     Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау округ әкімі М. К. Карашашеваның төрағалығымен өткізілді, ол 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілер, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді қоғамдық талқылаулар өткізеді.

    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Майқарағай ауылдық округінің әкімінің орынбасары Карашашева Майгуль Каппасовна сөз сөйледі.

      Ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің бес түрін көрсетеді:

  1. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  3. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
  4. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

   Майқарағай ауылдық округінің әкімі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы есеппен таныстырды және 2023 жылы 4 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 3 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу» және  1 «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» бойынша.

     Округ бойынша 24 іс-шара өткізіліп, 1050 адам қамтылды. Әкімдік мамандары округ тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбында буклеттер таратты. Мерзімдерді бұзу және көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар жоқ.

      Сондай-ақ, әкім көрсетілетін қызметті алушыларға ауылдық округ тұрғындарының Мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік корпорация және электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы, сондай-ақ мобильді қосымшалар арқылы алуға мүмкіндігі бар екенін түсіндірді.

    2023 жылдың 12 айында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 167 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде қызмет түрлері бойынша:

«Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу», «ЭЦҚ қашықтан алу», «Медициналық ұйымға тіркелу», «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама алу» және т. б.

 Округте мемлекеттік қызметтер тақырыбында 2 банер бар.

Мерзімдерді бұзу және көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар жоқ.    Қызметтер Мемлекеттік қызмет көрсетудің қатаң бекітілген стандарттарымен және ережелерімен көрсетіледі.

 Көрсетілетін қызметті алушылар мен мүдделі тұлғалардан мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша сұрақтар мен ұсыныстар жоқ.

 Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында шешілді:

  1. Халыққа уақтылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылармен түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізу.
  3. Ауылдық округ әкімі аппаратының ұжымымен тұрақты негізде құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізу.
  4. «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығын зерделеу.

 

 

                        Ауылдық округ әкімі м.а                                    М.Карашашева

                             

                                      Хатшы                                              К