Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдарының қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі. Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтарда № 39/ НҚ бұйрықпен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес «Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекетттік қызметтердің 5 түрін ұсынады. Олар:
2023 жылы Аққулы округінде жалпы 19 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:" Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу " - 13. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" - 2. "Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату"-4 мемлекеттік қызмет көрсетті. Көрсетілген қызмет қағаз түрінде – 4, электрондық үкімет порталы арқылы – 15.
2023 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 6 түсіндіру іс - шара өткізілді, оның ішінде: "Көпшілік талқылау"-1, "Ашық есік күні" -1, "Ярамарка"-2, "Азаматтарды қабылдау" -1, "Мұғалімдерді оқыту" - 1. Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында ауыл тұрғындарына 510 дана брошюра таратылды, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 19
қызмет көрсетілді.
Қызмет алушылар үшін әкімдік ғимаратында қажетті техникалық жабдықтармен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар үшін пандус және шақыру түймесі орнатылған. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты маман электрондық қызметтердің үлесін арттыру бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету, бұрыштарының жұмыс істеуіне тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Аққулы ауылдық округі әкімдігінің ғимаратындағы ақпараттық стендте Мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері орналастырылған. Сонымен қатар ауыл ішінде Амангелді көшесі бойында мемлекеттік қызмет тақырыбында баннер орналасқан.