Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Сіздерді «Парыз – 2025» жыл сайынғы байқауына қатысуға шақырады.
Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Байқаудың мақсаттары:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері мен жалпы қоғам үшін әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру;
2) бұл салада қалыптасқан оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.
Номинациялар:
Кәсіпорынның өз қызметкерлерін қолдауға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруы қарастырылады.
Қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі бағаланады.
Қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын айтарлықтай жақсартып, күшейтетін ұжымдық шарттар қарастырылады.
Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, қалдықтарды өңдеу мен жоюға бағытталған экологиялық жобалар мен бағдарламаларды сәтті іске асырған кәсіпорындардың қызметі қарастырылады.
Әлеуметтік тұрғыдан осал және аз қамтылған азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға немесе олардың жұмыспен қамтылуына бағытталған бизнес жүзеге асыратын әлеуметтік жобалар қаралады.
Конкурсқа қатысу үшін материалдарды екі данада жіберуді сұраймыз, олар мыналарды қамтиды:
1) «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты өткізу Қағидаларына қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім (Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығы);
2) үміткердің өз қызметінің деңгейін және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бойынша нақты нәтижелерін өзін-өзі бағалауды білдіретін есебі.
Үміткердің есебіне мыналар енгізілуі керек:
- заңды немесе жеке тұлғаның тарихы;
- ұйымдық құрылымы;
- қосымша ақпарат;
3) есепке қосымша құжаттар (ұжымдық шарттың көшірмесі және басқа құжаттар);
4) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен үлгіге сәйкес толтырылған сауалнама (Министрліктің интернет-ресурсында орналасқан).
Құжаттарды қабылдау мерзімі – осы жылдың 1 мамырына дейін.
Толық ақпаратты «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нен алуға болады, мекен-жайы: Тимирязев ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, 1, каб. № 111, тел. 2-14-41.