"Отбасын қолдау орталығы" КММ директоры тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға көмек көрсету мәселелері бойынша халықпен түсіндірме әңгіме өткізді. Кездесу барысында отбасыларды қолдау шаралары, көмекке уақтылы жүгіну тәсілдері, сондай-ақ отбасы мүшелерінің құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мәселелері қаралды. Қатысушыларға орталықтың қызметі және көрсетілетін әлеуметтік қызметтер туралы ақпарат берілді.