2026 жылғы 28 мамырда мүгедектігі бар адамдардың істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
Келесі мәселелер қаралды:
1. Мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, мүгедек адамдарды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы. Баяндамашы: Мұстафина Р.Е. – «СҚО Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысы.
2. Жастар ресурстық орталығының 2025 жылғы еріктілер қозғалысының жұмысы және ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығы туралы. Баяндамашы: Такимова Н.М. – «СҚО Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ басшысының м.а..
3. Аудан әкімі кеңесшісінің ағымдағы жұмысы туралы. Мүгедектігі бар адамдарға арналған үйірмелерді, мүдделер клубтарын қолдау. Баяндамашы: Төлебаева М.А. - аудан әкімі аппаратының әдіскері-мүгедектігі бар адамдардың істері жөніндегі әкімнің кеңесшісі.
Барлық мәселелер бойынша хаттамалық тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
