Ағымдағы жылдың 27 мамырынан бастап Тимирязев аудандық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 28 қарашадағы № 8/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі заңды күшіне енетінін хабарлаймыз.
Көрсетілген нормативтік құқықтық актіге сәйкес Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес 1 типті қант диабеті диагнозымен, сондай-ақ қатерлі ісік (2-ші және 4-ші клиникалық топтар) диагнозымен диспансерлік есепте тұрған азаматтардың отбасы табысын есепке алмай 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем алуға құқығы бар.
Толығырақ ақпарат алу үшін Сіз Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіне аласыз.
Тел.: 8(71537)-21441
Мекен-жайы: Уәлиханов көшесі 1, 111 каб.