19 мамырдан 8 тамызға дейін "Самға"конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады. Байқаудың негізгі мақсаты: мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Конкурсқа шығармашылықпен айналысатын мүгедектігі бар адамдар конкурста мәлімделген бағыттар бойынша қатыса алады:
- орындаушылық өнер;
- вокал;
- хореография;
- театр шығармашылығы;
- сәндік-қолданбалы шығармашылық:
- өнер.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер өтінім береді. Құжаттар электрондық мекенжайға жіберілуі немесе қолма-қол ұсынылуы мүмкін (М.Жұмабаев көшесі, 114 каб.115, e-mail centr.inclusive@mail.ru байқауға қатысушыларды марапаттау рәсімі 2025 жылдың 21 тамызында өтеді.
Конкурсты өткізу орны: Петропавл қ. (келісім бойынша өткізу орны қосымша хабарланатын болады).
Туындаған сұрақтар бойынша" СҚО Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " КММ бас маман Камалетдинова о. тел. 871541 21564