АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына және уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» КММ (шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөнінде конкурс өткізеді) мемлекет меншігіндегі және 10 жыл мерзімге жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жалға беру (жалдау).
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» КММ хабарлама (хабарландыру) бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 09 ақпаннан бастап 2026 жылғы 27 ақпанға қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Қорытынды шығарылған күн конкурстың аяқталған күні болып есептеледі. Конкурстың қорытындылары конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2026 жылғы 02 наурызда сағат 10-00-де, СҚО, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесі, 12 мекен-жайы бойынша орналасқан Мамлют ауданы әкімдігінің ғимаратында, 1-қабат, мәжіліс залында жарияланады.
Конкурстың шарттары:
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім берушіге хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде болу керек:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер телімінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5)өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттемелер.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста болу керек:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын және жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы жабық конвертте, соңғы беті: қатысушының қолымен куәландырылатын беттері нөмірленген тігілген түрде басылған немесе өшпейтін сиямен жазылған ұсынады "электрондық үкімет"веб – порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, - жеке тұлғалар (немесе сенім білдірілген адам) үшін және бірінші басшының (немесе сенім білдірілген адамның) қолымен және заңды тұлғалар үшін – мөрмен (ол болған кезде). Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс» және «2026 жылғы 02 наурызға дейін бұрын ашпау» деген жазу көрсетіледі.
Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға жатады.
Жер комиссиясы конкурстық ұсыныстарды бағалайды, салыстырады және конкурстық өтінім жеңімпазын айқындайды.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстық ұсыныстар мен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде ұсынылған конкурстық ұсыныстар мен өтінімдердің мәнін қозғамайтын грамматикалық және арифметикалық қателер назарға алынбайды, оларды түзетуге болады.
Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулердегі қателіктердің болуы, құжаттардағы барлық қолтаңбалар тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ тұтастай ресімдеудің дұрыстығын тексереді, өтінімдерді бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен бағалайды, салыстырады.
Ұпайлар міндеттемелердің келесі критерийлері бойынша беріледі:
суарылмайтын егістікке:
50-ге дейін– 1 балл;
50 ден 70-ке дейін – 2 балл;
70 -тен 90-ға дейін – 3 балл;
90 -нан 110-ға дейін – 4 балл;
110-нан жоғары – 5 балл;
жайылымдық және шабындық жерлерге:
5 -ке дейін– 1 балл;
5-тен 10-ға дейін – 2 балл;
10-нан 20-ға дейін – 3 балл;
20-дан 30-ға дейін – 4 балл;
30-дан аса – 5 балл;
2) жайылымдық жерлерге - ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:
50-ден аз ірі қара, жылқы, түйе-5 балл;
50 және одан да көп бас ірі қара, жылқы, түйе – 10 балл;
300-ден аз ұсақ мал басы-5 балл;
3)меншіктегі ауыл шаруашылығы техникасының болуы:
5 бірліктен кем-5 балл;
5 және одан көп бірлік-10 балл;
4) Технологиялық жабдықтың болуы:
1 бірлік-1 балл;
2 және одан көп бірлік-3 балл;
5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
5 білікті маманнан кем-5 балл;
5 және одан да көп білікті мамандар-10 балл.
Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 5 балл беру түрінде артықшылық беріледі
Қосымша балл берген кезде жер комиссиясының мүшелері қатысушылар ұсынған растайтын құжаттарды басшылыққа алатын болады.
Ең жоғары балл жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Екі немесе одан да көп конкурстық ұсыныстардың балдары тең болған кезде конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі жолымен айқындалады.
Бұл жағдайда комиссия мүшелерінің көпшілік дауысын және ең жоғары балл жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы қосымша ақпаратты Мамлют ауданы әкімінің www.maml.sko.gov.kz, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ сайтынан www.ozo-mamlyut.gov.kz немесе телефоны 8 (71541) 2-11-07, 2-22-71 арқылы алуға болады.
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі
|
Жер учаскесінің нөмірі (лот) |
Ауданы (га) |
олардың ішінде |
Жер учаскесінің орналасқан жері (шаруашылық және аудан орталығының орташа қашықтығы) |
|||
|
егістік (кен орны) |
жайылымдар табиғи |
түбегейлі жақсартылған жайылымдар |
басқа ауылшаруашылық емес жерлер |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
19 |
|
19 |
|
|
Белое ауылдық округі, Чистое ауылы ауылдан 10,7 километр аудан орталығынан 7,5 километр |
|
2 |
43 |
|
35 |
7 |
1 |
Белое ауылдық округі, Чистое ауылы ауылдан 6,3 километр аудан орталығынан 31,3 километр |
|
3 |
13 |
|
13 |
|
|
Белое ауылдық округі, Чистое ауылы ауылдан 7,5 километр аудан орталығынан 32,8 километр |
|
4 |
31,5 |
|
2 |
29 |
0,5 |
Белое ауылдық округі, Чистое ауылы ауылдан 6,6 километр аудан орталығынан 31,9 километр |
|
5 |
27 |
|
27 |
|
|
Краснознамен ауылдық округі, Беловка ауылы, ауылдан 6,0 километр аудан орталығынан 41,0 километр |
|
6 |
22,3 |
|
22,3 |
|
|
Бике ауылдық округі, Бике ауылы, ауылдан 5,0 километр аудан орталығынан 91,0 километр |
|
7 |
12 |
|
12 |
|
|
Бике ауылдық округі, Бике ауылы, ауылдан 4,2 километр аудан орталығынан 90,0 километр |
|
8 |
110,13 |
|
110,13 |
|
|
Воскресенов ауылдық округі, Воскресеновка ауылы, ауылдан 4,0 километр аудан орталығынан 8,0 километр |
|
9 |
68,1 |
|
67 |
|
1,1 |
Новомихайлов ауылдық округі, Новомихайловка ауылы, ауылдан 11,0 километр аудан орталығынан 61,0 километр |
|
10 |
126 |
|
125 |
|
1 |
Пригород ауылдық округі, Покровка ауылы, ауылдан 6,0 километр аудан орталығынан 15,0 километр |
|
11 |
64 |
20 |
32 |
12 |
|
Пригород ауылдық округі, Покровка ауылы, ауылдан 6,0 километр аудан орталығынан 15,0 километр |
|
12 |
395 |
|
393 |
|
2 |
Пригород ауылдық округі, Покровка ауылы, ауылдан 9,7 километр аудан орталығынан 12,0 километр |