«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды.
Құрметті қала тұрғындары! «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының 1-ші кезеңіне құжаттарды қабылдау басталды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мен некенің оң моделін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізу мақсаттары:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, некенің маңыздылығын мойындау;
2) балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын арттыру және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 1 маусымнан бастап 2025 жылғы 15 маусымға дейін қағаз немесе электрондық нұсқада қабылданады. Толығырақ ақпарат алу үшін +7 707 442 5817нөміріне хабарласуға болады
Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 15 маусым.