«Асхабов» ЖШС-де қызметкерлермен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, оларды күнделікті қызметте сақтаудың маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ өзара құрмет, толеранттылық және азаматтық жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек тәртібін нығайтуға және заңға бағынатын мінез-құлық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.