
Қожаберген жырау атындағы жалпы білім беретін мектепте ата-аналар мен оқушыларға қоғамдық келісімді нығайтуға және этносаралық қатынастарды дамытуға бағытталған кездесу өткізілді.
Кездесу барысында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, өзара құрмет, толеранттылық және азаматтық жауапкершілік қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.
Осындай іс-шаралар қоғамдағы өзара түсіністікті нығайтуға, заңға құрметпен қарауды тәрбиелеуге және бейбітшілік пен келісім атмосферасын сақтауға ықпал етеді.