
Іс-шаралар қоғамдық келісімді нығайтуға, этносаралық қатынастарды дамытуға, деструктивті көзқарастардың алдын алуға, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі қағидаттары түсіндірілді. Әртүрлі дүниетанымдарға құрметпен қарау, қоғамдағы диалог пен өзара түсіністікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтып, халық пен мемлекет арасындағы сенімді және сындарлы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.
#ҚоғамдықКелісім#ҚұқықтықСауаттылық #Бірлік #Диалог