
Көрмені «Асыл мұра» орталығы өткізді. Суретшінің шығармашылығы негізінен портрет жанрына арналған. Ол өз туындыларында адамның тек сыртқы келбетін ғана емес, оның ішкі жан дүниесін, сезімі мен болмысын терең жеткізе білген.
Бұл көрме келушілерге ерекше әсер сыйлап, өнер сүйер қауымның жүрегінен орын алды.