Новорыбинка ауылының тұрғындарымен кездесу

Новорыбинка ауылының тұрғындарымен кездесу

Новорыбинка ауылында жұмыссыз азаматтармен, халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерімен, өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен және мектеп қызметкерлерімен «Қоғамдық келісім және конфессияаралық диалог – тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық өзара іс-қимылды дамыту, деструктивті көріністердің алдын алу, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Кездесу барысында қатысушыларға конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары түсіндірілді. Ерекше назар ашық диалогтың маңыздылығы мен қоғамдағы өзара түсіністікті нығайтуға аударылды.