Қайранкөл округінде халықпен кездесулер өткізілді

Қайранкөл округінде халықпен кездесулер өткізілді

Қайранкөл және Украинское ауылдарында жұмыссыз азаматтармен, халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерімен, өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен, зейнеткерлермен, сондай-ақ мектеп қызметкерлері мен жергілікті кәсіпорындардың ұжымдарымен «Қоғамдық келісім және конфессияаралық диалог – тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында кездесулер өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық өзара іс-қимылды дамыту, деструктивті көріністердің алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Кездесу барысында қатысушыларға конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары түсіндірілді. Сондай-ақ әртүрлі дүниетанымдарға құрметпен қарау, ашық диалогтың маңыздылығы және қоғамдағы өзара түсіністікті нығайту мәселелері талқыланды.