
СКО әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Қасенова Р.И. қатысушылармен діни әртүрлілік мәселелерін талқылап, түрлі дүниетанымдарға құрметпен қараудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, конфессияаралық бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөліне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған сапалы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері де қарастырылды.
Мұндай іс-шаралар қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, өзара құрмет пен толеранттылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.