Діни экстремизмнің алдын алу аясында ата-аналар қауымдастығымен «Интернет-ресурстардың қауіптілігі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Діни экстремизмнің алдын алу аясында ата-аналар қауымдастығымен «Интернет-ресурстардың қауіптілігі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Кездесу барысында ата-аналарға интернет желісінде кәмелетке толмағандар тап болуы мүмкін негізгі қауіптер түсіндірілді. Атап айтқанда, жасөспірімдердің деструктивті және радикалды интернет-қоғамдастықтарға тартылу қаупі туралы айтылды. Сонымен қатар балалардың ақпараттық қауіпсіздігі, зиянды интернет-контенттің ықпал ету белгілері және ата-аналардың уақытылы назар аударуының маңыздылығы талқыланды.

Іс-шара барысында ата-аналарға балалардың интернеттегі қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру, сыни ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың интернеттегі белсенділігін бақылауды күшейту жөнінде ұсыныстар берілді.