Мемлекеттік қызметшілермен «Террорлық акт қаупі төнген жағдайда халықтың іс-әрекеті» тақырыбында кездесу өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілермен «Террорлық акт қаупі төнген жағдайда халықтың іс-әрекеті» тақырыбында кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға террорлық қауіп туындаған жағдайда негізгі қауіпсіздік ережелері мен іс-қимыл алгоритмдері түсіндірілді. Қоғамдық орындарда қырағылық таныту, жеке қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ күмәнді заттар немесе жағдайлар байқалған кезде құзырлы органдарға дер кезінде хабарлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ қатысушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі әр азаматтың жауапкершілігі және күнделікті өмірде сақтық танытудың маңыздылығы еске салынды.

Осындай кездесулер халықтың ақпараттану деңгейін арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге дайын болуға ықпал етеді.