Қожаберген жырау атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларымен «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

Қожаберген жырау атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларымен «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға діни экстремизм ұғымы, оның қоғамға тигізер зияны, сондай-ақ конфессияаралық келісімді сақтау мен дәстүрлі рухани құндылықтарды құрметтеудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, ақпараттық кеңістіктегі қауіпсіздік мәселелері мен жастар арасында радикалды идеялардың таралуына жол бермеу тақырыптарына ерекше назар аударылды.

Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Осындай кездесулер жастардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, толеранттылық пен өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.