
Осы күні ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жарысқа қатысушылармен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға:
- жалған діни және радикалды ағымдардың материалдарын тарататын интернет-ресурстардың қауіптілігі туралы;
- деструктивті діни ұйымдарға тартылудың белгілері туралы;
- террорлық акт қаупі туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі мен жеке қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірілді.
Сондай-ақ қатысушыларға интернет кеңістігінде мұқият болу, тексерілмеген ақпаратты таратпау және күмәнді материалдар анықталған жағдайда құзырлы органдарға жүгіну қажеттігі ескертілді.
Мұндай кездесулер қоғамдық келісімді нығайтуға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.