
Бүгін ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді. Қолданыстағы заңнаманы сақтау және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай түсіндіру кездесулері құқықтық сауаттылықты арттыруға және үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.
Азаматтық сектормен ашық диалог — алдын алу және түсіндіру жұмыстарының маңызды бөлігі.