Ұлттық домбыра күні

Ұлттық домбыра күні

Қазақстанда Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілде айының бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл ерекше мереке — қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен рухани мұрасының символына айналған бірегей музыкалық аспапқа арналған.

Осыған орай, 4 шілде күні аудандық Мәдениет үйінде Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараға жергілікті тұрғындар, өнерпаздар мен дәстүрлі музыканы сүйетін қауым жиналды. Концерт барысында сахнадан жанды домбыра үні естіліп, ұлы композиторлардың классикалық күйлері мен заманауи өңдеулерде жаңғырған ескі әуендер орындалды. Бұл кеш ұлттық өнер мен мәдениеттің маңызын тағы бір мәрте паш етіп, көрермендерге рухани ләззат сыйлады.