ҮЕҰ ДЕРЕКҚОРЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША АҚПАРАТ

ҮЕҰ ДЕРЕКҚОРЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША АҚПАРАТ

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру үшін жыл сайын 31 наурызға дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне ұйымның қызметі туралы мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде ұсынуы қажет (Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10, 14-кіреберіс, индекс 010000).

Интернет-порталда infonpo.gov.kz ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру Нысаны және ҮЕҰ үшін нұсқаулық орналастырылған.

НҚА бөлімінде: «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы

19 ақпандағы № 51 бұйрығы, Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорын қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар.

Ақпаратты ұсынылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 489-1 бабына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Анықтама телефондары: 490212, 461458, 500162. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58,
4 қабат, 408, 409 бөлме.

СҚО Ішкі саясат басқармасы, қоғамдық даму басқармасы.