Отбасы күніне орай Тимирязев ауданында «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңіне қатысқан отбасыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Отбасы күніне орай Тимирязев ауданында «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңіне қатысқан отбасыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Байқау отбасылық құндылықтарды нығайтуға, салт-дәстүрлерді сақтауға және қоғамдағы отбасының маңыздылығын арттыруға бағытталған.

Іс-шара барысында байқауға қатысқан отбасыларға белсенді қатысқаны, отбасылық дәстүрлерді дәріптеп, үлгі көрсеткені және отбасы институтын нығайтуға қосқан үлесі үшін естелік сыйлықтар табысталып, алғыс сөздер айтылды.

Мерекелік іс-шара жылы әрі салтанатты жағдайда өтіп, аудан отбасыларын бір арнаға тоғыстырды.