Ауған соғысы батырларына тағзым

Ауған соғысы батырларына тағзым

Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 37 жыл толуына орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шара барысында Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Іс-шараға жастар өкілдері қатысып, ардагерлердің ерлігіне құрмет білдірді. Кездесу аясында ардагерлермен еркін әңгіме өрбіп, олар әскери қызмет, жауынгерлік бауырластық және сол жылдардағы оқиғалар туралы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар тарихи жадыны сақтау мен ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығы атап өтілді.

 

 

Отан алдындағы парызын адал атқарған азаматтардың есімдері халық жадында мәңгі сақталады.

Ерлік — ел үшін мәңгілік мұра әрі келер ұрпаққа аманат.