Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын талқылау бойынша отырыс өтті

Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын талқылау бойынша отырыс өтті

Теміртау қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған кеңейтілген отырыс өтті. Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары, дін өкілдері, кәсіпкерлер және жалпы білім беретін мектеп директорлары қатысты.
Жиынға Теміртау қаласының әкімі Әшімов Ғ.А. төрағалық етіп, отырыстың модераторы болды. Өз сөзінде қала әкімі конституциялық реформалардың мемлекеттің одан әрі дамуы мен демократиялық институттарды нығайтудағы маңызын атап өтті.

 


Баяндаушылар
Ломакин Алексей Борисович — Теміртау қалалық мәслихатының төрағасы;
Жаутиков Бақыт Ахатұлы — Басқарма төрағасы – Ректор, техника ғылымдарының докторы, профессор, «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ, «Ғылым мен білім – жаңа Конституцияның стратегиялық басымдығы» тақырыбында баяндама жасады;
Ажиков Нұржан Хамидуллаұлы — Теміртау қаласы бойынша «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы сөз сөйледі.

Отырыста конституциялық реформалардың негізгі бағыттары жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, Конституцияның жаңартылған нормаларын одан әрі талқылауға және іске асыруға атсалысуға дайын екендіктерін білдірді.