Құқықтық тәртіп әліпбиі „Азаматтарға арналған үкіметі“ КЕАҚ -де

Құқықтық тәртіп әліпбиі „Азаматтарға арналған үкіметі“ КЕАҚ -де

28 қаңтар 2026 жылы Теміртау қаласында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Құқықтық тәртіп әліпбиі» акциясы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын түсіндіру болды. Қала белсенділері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызмет көрсету тәртібімен танысып, мемлекеттік қызметтерді алу жолдары бойынша пайдалы ақпарат алды. Акция барысында мамандар азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

 

Сонымен қатар, қатысушыларға құқық бұзушылықтардың алдын алуға және құқықтық сананы арттыруға бағытталған ақпараттық материалдар таратылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтып, халықтың азаматтық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.