ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аудару болып табылады.
Бұл ретте, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының және Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидасының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бағытында бірқатар жұмыстарды жүзеге асырады.
Мысалы, Департаментпен қызмет алушылардың бұзылған құқықтарына жылдам әрекет ету мақсатында «EgovKzBot2.0» Telegram бот ашылып, қызмет алушылар тарапынан туындап отырған мәселелеріне тез арада ден қойылып отыр.
Бұл ретте, құрметті қызмет алушы, егер Сіз мемлекеттік қызмет алу барысында әкімшілік кедергілер, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде артық құжаттар талап ету, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу, негізсіз бас тарту немесе тағы басқа заң бұзушылықтарға жол берілгеніне куә болсаңыз, Департаментке келесі мекенжай бойынша жүгіну арқылы бұзылған құқықтарыңызды қалпына келтіре аласыз.
Біздің мекенжай: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39. Байланыс нөмерлері: 8 (7212) 50-40-66, 8 (7212) 50-33-83 кеңсе нөмірі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы С. Амангельдинованың мақаласы