Конституцияның жаңа редакциясы – жаңартылған Қазақстанға бастар қадам

Конституцияның жаңа редакциясы – жаңартылған Қазақстанға бастар қадам

Бүгін қала әкімі М. Қыдырғанбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған актив отырысы болып өтті.

Отырыстың жұмысына кенттердің әкімдері, қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау және аумақтық органдардың өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, саяси партиялар, бизнес қауымдастығы, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар Ата заңға енгізілетін негізгі өзгерістерді қарап, жаңартылған құжаттың мазмұндық басымдықтарын талқылады. Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, халықтың мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендіктің иесі ретіндегі рөлі, сондай-ақ мемлекеттің негізгі құндылықтарын бекіту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі