Қазақстанда 2005 жылдан бастап енгізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі алғашында үш әлеуметтік тәуекелді қамтыды: еңбекке жарамсыздық, асыраушысынан айырылу және жұмыссыз қалу.
2008 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдердің мүдделерін қорғау мақсатында ана болу және бала күтімімен байланысты екі қосымша әлеуметтік тәуекел түрі енгізілді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, әйелдерге жүктілікке және босануға байланысты демалыс беріледі. Осыған байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалады. Бұл төлемді тағайындау тәртібі 2023 жылғы 20 сәуірдегі ҚР Әлеуметтік кодексімен
және 2023 жылғы 27 маусымдағы №248 бұйрықпен бекітілген Қағидаларға сәйкес реттеледі.
Төлем мөлшері соңғы 12 ай ішіндегі орташа айлық табысқа және еңбекке уақытша жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады. Төлем жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген мерзімге тағайындалады:
- қалыпты босану кезінде - 126 күн (босануға дейін 70 күн, босанғаннан кейін 56 күн);
- асқынған босану немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда – қосымша 14 күн;
- ядролық сынақ аймағында тұратындар үшін - 170 күн (91 күнге дейін және 79 күн босанғаннан кейін).
2025 жылғы 8 сәуірден бастап Қағидаларға енгізілген өзгерістерге сәйкес:
- жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс мөлшері 7 ЕТЖ-мен (ең төмен жалақы) шектеледі (жұмыс берушілер санына қарамастан);;
- әлеуметтік тәуекел туындаған күннен кейін төленген әлеуметтік аударымдар есепке алынбайды.
Осылайша, 126 күн еңбекке жарамсыздық жағдайында төлемнің ең жоғары мөлшері 2 499 000 теңгені құрайды.
Бұл өзгерістердің мақсаты - кірісті жасанды түрде жоғарылату мүмкіндігін азайтып, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Егер әйелдің табысы белгіленген шектен асып кетсе, еңбек шартында көрсетілген жағдайда, жұмыс беруші жүктілік пен босану бойынша демалысты орташа жалақыны сақтай отырып төлей алады, бұл ретте қордан төленетін төлем сомасы шегеріледі.
Әлеуметтік төлем құқығын растау үшін құжаттардың шынайылығы тексеріледі. Қор қосымша мәліметтер мен құжаттарды, соның ішінде жалақы жобасы бойынша шот көшірмесін немесе Rekassa фискалдық есептерін сұрата алады. Құжаттарды тексеру мерзімі 30 жұмыс күнінен аспайды.
Әлеуметтік төлем сомасынан 10% міндетті зейнетақы жарналары ұсталып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.
Қызмет алушы әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті келесі тәсілдер арқылы бере алады:
- ХҚКО арқылы;
- egov.kz порталы арқылы;
- проактивті түрде -SMS-хабарлама арқылы келісім беріп.
Құрметті қызмет алушы!
Егер мемлекеттік қызмет алу барысында артық құжаттарды талап ету, мерзімдердің бұзылуы, негізсіз бас тарту және басқа да әкімшілік кедергілерге тап болсаңыз, өз құқықтарыңызды қорғау үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне келесі мекенжай бойынша жүгіне аласыз: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39. Байланыс телефондары: 8 (7212) 50-40-66, 50-33-83.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша
департаментінің бас маманы С.С .Амангельдинованың
және Қарағанды облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры»
АҚ филиалының бас маманы Г.К. Қашаубаеваның мақаласы