28 наурызда «Мен өмірді таңдаймын!» әлеуметтік жобасы аясында Саран қаласында нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу бойынша ақпараттық материалдар ұсынылған құзыретті органдар мен спикерлердің қатысуымен брифинг өтті. Ісшараны «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша «Мир Добра» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Брифинг Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде өткізілді. Оның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, есірткіге және психоактивті заттардың заңсыз айналымына деген теріс көзқарасты қалыптастыру.
Брифингке Әділет департаментінің өкілдері, адвокат Казакова Н.П. және жеке нотариус Тажитаев Е.Е. «Дұрыс таңдау жаса» тақырыбында дәріс оқып, есірткі мен есірткі бизнесіне байланысты заңсыз әрекеттердің құқықтық салдарын түсіндірді. Сонымен қатар, Отбасыны қолдау орталығының психологы Швецова Е.А. «Есірткі: әр адам білуі тиіс шындық» атты таныстырылым материалын ұсынып, қатысушылармен ашық диалог жүргізді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.