«Электрондық үкімет» порталында кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру қызметі іске қосылды

«Электрондық үкімет» порталында кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру қызметі іске қосылды

«E-gov» порталында декларацияны тапсырудың жаңа сервисі іске қосылды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. Ағымдағы жылы аталған декларацияны 2021 жылы, яғни бірінші кезеңде, декларациялау жүйесіне кірген тұлғалар тапсырады. Бұл мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары.

Декларацияны тапсыру үшін egov.kz сайтында «Кеден және салықтар», содан кейін «Салық салу» бөлімін таңдау керек.

Кірістер мен мүлік туралы декларация жыл сайын, активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) ұсынылатын жылдан кейінгі жылдан бастап есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынады.

Декларацияны тапсыру мерзімі:

- 15 шілдеге дейін – қағаз түрінде;

- 15 қыркүйекке дейін – электронды түрде.

Декларацияны электронды түрде «Салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz) және «e-Salyq Аzamat» мобильді қосымшасы арқылы да тапсыруға болады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) да Е-gov.kz порталы арқылы тапсыруға болады. Оны ағымдағы жылы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметкерлері мен олардың жұбайлары ұсынуы қажет.

kgd.gov.kz