Елімізде жас ғалымдар саны 1 мың адамға өсті — Ғылым комитетінің төрайымы

Елімізде жас ғалымдар саны 1 мың адамға өсті — Ғылым комитетінің төрайымы

Мемлекет басшысының қолдауымен, халыққа Жолдауында алға қойылған міндеттерін орындау нәтижесінде ғылым саласында соңғы жылдары түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Бірінші кезекте қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артты. Отандық вакцина әзірленіп, 50-ден аса ірі бағдарламалық ғылыми жобалар іске асырылуда. Олардың нәтижесі халықтың әл-ауқатына оң әсерін тигізеді деп сенеміз. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы Құрманғалиева Жанна Дулатқызы мәлім етті.

«"Ғылым туралы" Заңға жылдар бойы шешілмей келген мәселелерді шешуге бағытталған өзгерістер енгізілді. Ғылыми ұйымдардың материалдық ахуалы күрт төмендеп кеткен болатын, сол бойынша қомақты шаралар қабылданып, заманауи зертханалар, басқа қондырғылар сатып алынды. Жалпы, еліміздің ғылыми қызметкерлерінің жағдайы жақсартылды. Қазіргі таңда жас ғалымдарымыздың саны 1 мың адамға өсті. Бүгінгі мереке құтты болсын, әрдайым табыс және мерейлеріңіздің үстемдігін тілейміз», — деді комитет төрайымы әріптестерін ғылыми қызметкерлер күнімен құттықтай отырып.

Оның мәліметінше, елімізде ғылым саласында 22 655 адам қызмет етеді. 1 млн халқмызға 1172 ғалымнан келеді.