Ұлттық музейде «Ұлы дала тарихының жазба мұрасы» көрмесінің ашылуы өтті

Ұлттық музейде «Ұлы дала тарихының жазба мұрасы» көрмесінің ашылуы өтті

15 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде мәдениет және спорт министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығымен бірлесіп ұйымдастырған «Ұлы дала тарихының жазба мұрасы» көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының қорларында сақталған ежелгі жазба ескерткіштер, қолжазбалар мен сирек кітаптар қойылған.