Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

2021 жылғы 2 маусымда Қарағанды облысының облыстық статистика департаменті басшылығы Қарағанды облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ұлттық санақ - 2021» тақырыбындағы брифингке қатысты

2021 жылғы 2 маусымда Қарағанды облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ұлттық санақ - 2021» тақырыбы аясында брифинг өтті. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша Департаменті басшысы Ж.К. Садыкова санаққа дайындық, оны өткізу мерзімдері мен тәртібі туралы айтты.

Ұлттық халық санақ – бұл 2021 жылы «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!» ұранымен өтетін үлкен ауқымды статистикалық байқау.

Санақты екі кезеңмен өткізу жоспарланады – дайындық және негізгі. Тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар мен құрылыстардың тізімдерін, сондай-ақ ондағы тұрғындардың нақты санын құруға дайындық кезеңі 2021 жылдың
1-30 маусым аралығында өтеді. Бұл кезеңде мекен-жай деректері тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың тізімдерінде және әр елді мекен үшін картографиялық материалдарда нақтыланатын болады. Дайындық кезеңінің нәтижелері бойынша қалалар мен аудандардың аумағы халық санағының негізгі кезеңіне нұсқаушылар мен тізімдеу аймақтарына бөлінеді.

Ұлттық халық санағының негізгі кезеңін ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазан аралығында өткізу жоспарланған. Халықтың деректерін жинау үрдісі екі жолмен жүзеге асырылатын болады: интернет-сұхбат және сұхбат кезінде интервьюерлердің планшеттерді қолдана отырып үй шаруашылықтарын аралау.

1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында ел тұрғындары санақ жүргізудің мамандарылған sanaq.gov.kz. сайтында онлайн тәртібінде өздері мен отбасы мүшелері үшін санақ парақтарын өз бетінше толтыра алады. Жүйе тәулік бойы жұмыс істейтін болады, бұл респондентке санаққа қатысуға қолайлы уақытты таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, сайтта нысанды толтыруды тоқтатып, кейінірек жалғастыра алатын мүмкін болады.

Интервьюерлердің үй шаруашылығына үздіксіз сауалнамасы 1 қазаннан бастап онлайн тәртібінде санақты аяқтамаған респонденттер арасында санақ парақтарын тікелей планшеттік құрылғыларға толтырумен басталады. Интернет сауалнама өткен респонденттер интервьюердің сауалнамасын өтпейді. Халықпен сұхбаттасу кезінде респонденттің ЖСН ақпараттың қайталану мүмкіндігін жоққа шығару үшін респонденттің сәйкестендіру ретінде қолданылады.

Санақ кезінде тұтас республика бойынша «1446» қысқа нөмері бар бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. 8 8000 800 878 нөмері де жұмыс істейді.

Ұлттық санақ жүргізген кезде интервьюердің тегі, аты, әкесінің аты, берілген күні және оның қолдану мерзімі, сондай-ақ статистика департаментінің қолы мен мөрі көрсетілген, фотосуреті бар интервьюердің кәуілігі болуы керек; санақ белгілері бар көк портфель; негізгі кезең үшін, сондай-ақ, халық санағының нышандары бар көк шарф ұсынылған.

Жалпы Қарағанды облысы бойынша халық санағына дайындық және өткізу үшін 2600-ге жуық адам тартылатын болады, бұл штаттан тыс санақ бөлімінің мамандары, өңірлерде нұсқаушылар (санақ бойынша уәкілеттік берілген), нұсқаушы-бақылаушылар, интервьюерлер.

Облыс аймағында 4 мамырдан бастап 30 қарашаға дейін ұлттық халық санағына дайындық және өткізу бойынша 73 нұсқаушылар тартылады. Дайындық кезеңіне 1,5 айға (25 мамырдан 8 шілдеге дейін) шамамен 80 нұсқаушы-бақылаушы және 1 айға (1-30 маусым) 570-ке жуық  интервьюерлер қабылданады. Негізгі кезеңге шамамен 240 нұсқаушы-бақылаушыларды 1,5 айға (24 қыркүйектен 7 қарашаға дейін) және 1 айға (1-30 қазан) 1700 интервьюерлерді  қабылдану жоспарланады.

Дайындық кезеңінде көрсетілген қызметтердің толық көлемі кезінде интервьюерлердің жұмысына ақы төлеу 1200 тұрғын үйдің және тұрғын емес үй-жайлардың орташа жүктемесі кезінде 83 мың теңгені құрайтын болады.

Негізгі кезеңде интервьюер үй шаруашылығындағы санақтан өткізілген 833 адамның орташа жүктемесі кезінде шамамен 104 мың теңге алады. Санақтың екі кезеңінде нұсқаушы-бақылаушылар барлық жұмыс кезеңі үшін шамамен 125 мың теңге төлей отырып, 45 күнге тартылатын болады.

Уақытша жұмысқа Қазақстан азаматтары тартылады, олар келесі талаптарға сай болуы керек: 18 жастан асқан, бастамашыл, жауапты, коммуникативті, жұмыс тәжірибесі мен кәсіптік білімге қойылатын ешқандай талаптар жоқ, компьютерде жұмыс істейтін адамдар.

2021 жылы Ұлттық халық санағы туралы барлық ақпарат sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтында www.stat.gov.kz , ресми сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде жарияланады.