12 тамыз күні Саран қаласында «Пластик тапсыр – балмұздақ ал!» атты экологиялық акция өтті. Шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылды.
Акцияны Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Саран қаласы әкімдігі «Бөліп тапсыр, қайта өңде» жобасы шеңберінде бірлесіп өткізді.
Қала тұрғындары пластикалық бөтелкелерді өткізіп, тәтті сыйлық алды. Кемінде 5 бөтелке тапсырған әрбір қатысушы балмұздақпен марапатталды. Бір адам ең көп дегенде 100 бөтелке өткізе алды.
Бұл акция қала тұрғындарын біріктіріп, қоқысты бөлек жинаудың және экологияға қамқор болудың маңыздылығын еске салды.