«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу туралы

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу туралы

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған  «Мерейлі отбасы»  конкурсын өткізу жарияланды. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген конкурстың  ережесіне сәйкес «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы аудандық (қалалық), өңірлік және ұлттық кезеңдерде өтеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне көрсетілген мекенжай бойынша 2021 жылғы маусымның 10-на дейін қабылданады: Пушкин к.9/2, қалалық пошта ғимараты,                2 қабат. Тел: 5-30-82, 5-27-92; e-mail: prio_ovp@krg.gov.kz