Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Приозерск қаласының білім бөліміне қарасты мектептер мен балабақшалар мұғалім-тәрбиешілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту.
▫️Кездесу барысында мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу шаралары қарастырылды.
Іс-шараға жалпы 50 адам қамтылды. Қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Мұндай кездесулер азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға ықпал етеді.