Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
3.Осакаров ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеу;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.
Аудан әкімі Р. Нурмуханбетов
Орын.:В.Абилсеитова
87214924005
|
|
Осакаров ауданы әкімдігінің
|
«Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1) «Осакаров ауданының Жастар Ресурстық Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
мемлекеттік тілде – «Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение «Отдел внутренней политики Осакаровского района».
Егер «Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қызмет кірісін әкелетін заңнамалық актілермен жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтерден алынған кірістер, мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
Ішкі саясат саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың бағытына қоғамдық және саяси қолдау көрсету,аудандағы қоғамдық саяси ахуалды нығайтуға бағытталған ақпараттық насихаттау жұмыстарын өткізу үшін жүргізіліп жатқан реформаларды насихиттау арқылы жұмыс жасап жатқан биліктің әлеуметтік базасын кеңейту, аудан тұрғындарының әлеуметтік оптимизімін қалыптастыру, азаматтық қоғам институттарын қолдау және дамыту, өңірдегі ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігінін арттыру.
1) қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық үрдістер мен қоғамның бірігуін демократияландыру;
2) мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру бойынша мемлекеттік және лауазымдық тұлғалардың жұмыстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, облыс пен аудан әкімінің тапсырмаларын үйлестіру;
3) қоғамның демократиялық институттарын нығайту, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау;
4) ауданда болып жатқан қоғамдық – саяси үрдістер мен тенденциялардың дамуын жаң-жақты және объективті түрде зерттеп, жинақтап қорыту және талдау;
5) аудан деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;
6) аудандағы қоғамдық саяси жағдайларды болжауға бағытталған социологиялық және саяси зерттеулер жүргізу;
7) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық – саяси және діни ұйымдармен, кәсіподақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық өкілдерімен өзара әрекет жасау.
8) коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін, әкімшілік құқық бұқушылық туралы хаттамалар жасау.
1) әкімдіктің ауданда ақпарат тарату жүйесін жетілдіру, билік органдарының қоғамдық - саяси және экономикалық саладағы қызметі туралы жұмысына қатысу;
2) республикалық және жергілікті қоғамдық-саяси мәдени іс-шараларды саяси қамтамасыз етуді жүргізеді;
3) әкімдік отырыстарына ауданның ішкі саяси өмірі мәселелеріне материалдар дайындауға қатысу;
4) ақпараттық деректер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинақтау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
5) саяси партиялармен, ұлттық мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асырады;
6) ауданда саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, ұлттық - мәдени орталықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен отырыстар, «дөңгелек үстелдер», конференциялар, кездесулер, акциялар және басқа да іс-шаралар өткізуді жоспарлау және ұйымдастыру;
7) діни бірлестіктердің қызметін талдау және зерделеу, діни бірлестіктер туралы деректер банкін толықтыру, экстремистер мен шетелдік миссионерлердің діни ортаға енуіне жол бермеу мақсатында олармен байланыста болу, конфессияаралық қақтығыстарға жол бермеу;
8) қоғамдық бірлестіктердің, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың қызметін талдау және зерделеу, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар туралы компьютерлік деректер базасын жедел режимде қалыптастыру және қолдау, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен семинарлар, конференциялар, «дөңгелек үстелдер», акциялар ұйымдастыру және өткізу, ардагерлер ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі бекіткен іс-шаралар қатарын және аудан әкімінің ішкі саясат саласындағы іс-қимыл жоспарын ескере отырып, ауданда ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын медиа - жоспарлауды жүзеге асыру және үйлестіру;
10) мемлекеттік тапсырыстың іске асырылуын ұйымдастыру және бақылау, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық саясат жүргізу;
11) күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша медиа-жоспарларды, пресс-релиздерді дайындау, бұқаралық ақпарат құралдарының дайджесттерін қалыптастыру;
12) мемлекеттік басылымдарға жазылуды ұйымдастыру, аудан әкімінің осы мәселе бойынша кеңестерін, тапсырмаларын дайындау;
13) баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу, деректер банкін жедел режимде қалыптастыру және қолдау;
14) ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру, оларды әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
15) «Қазақстан 2030» Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары мен сөз сөйлеулерін, мемлекет, аудан өмірінің ішкі саясатын түсіндіру және іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, ішкі саясат басқармасына тоқсан сайынғы талдамалық есептерді дайындау;
16) аудан халқының қоғамдық пікірінің мониторингі, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау;
17) ауданның мекемелерінде, ұйымдарында, оқу орындарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
18) ауданда көрнекі үгіт және жарнама құралдарының қоғамдық-саяси мазмұны мен орналастырылуына мониторинг жүргізу;
19) жастар саясаты саласындағы аудандық бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
20) аудан әкімі жанындағы Жастар кеңесінің жұмысына қатысу;
21) жастар арасында қоғамдық-саяси, әскери - патриоттық, мәдени - бұқаралық іс-шаралар өткізуді саяси қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында қылмыстың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, акциялар, «дөңгелек үстелдер»;
22) қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу;
23) Қазақстан Республикасының Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;
24) Осакаров ауданы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім Кеңестерімен, аналар кеңестерімен өзара іс-қимыл жасау;
25) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру;
26) қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу;
27) мемлекеттің отбасылық-демографиялық саясатын насихаттау, әйелдер мен балаларды отбасындағы, қоғамдағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған заңдарды күшейту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
28) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау, оның ішінде конкурстық рәсімдерді өткізу және жобалардың іске асырылу барысын бақылау;
29) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) ішкі саясат саласындағы реттеу мәселелері бойынша ауданның мемлекеттік мекемелерімен өзара іс-қимыл жасауға;
2) «Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанынан қолданыстағы заңнамада және Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінде көзделген комиссиялар құрылуы мүмкін;
3) жұмыс істеу үшін қажетті қосымша ақпарат алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салуға;
4) қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз етуге міндетті;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
Міндеттері:
1) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық мәслихат сессияларының жұмысына қатысуға;
2) мемлекеттік органдардан «Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпараттық, әдістемелік, нормативтік материалдарды, статистикалық деректерді алуға міндетті;
3) «Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді шешу жөнінде аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге;
4) «Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жоғары тұрған органға тиісті ақпарат беруге;
5) жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
1) бөлім мамандарының міндеттерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес (жекелеген жағдайларда және жоғары тұрған мемлекеттік орган бекітетін лауазымдар номенклатурасына) бөлім қызметкерлерін, жастар ресурстық орталығының басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлері мен жастар ресурстық орталығы басшысын көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) бөлімнің актілеріне қол қояды;
5) бөлімді мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.