Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері тыл ардагері — Агеева Мария Антоновнаға терең құрметпен барып, ілтипаттарын білдірді.
Мария Антоновна — Отан үшін аянбай еңбек еткен, Жеңіс пен елдің жарқын болашағы жолында тылда жанкешті жұмыс атқарған қаһарман ұрпақтың өкілі. Мұндай жандар — ұлы тарихпен бізді жалғайтын тірі шежіре.
Оның баға жетпес еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан мерейтойлық медаль табысталды
Ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі — мәңгі ұмытылмас, ұрпақ жадында сақталар қастерлі мұра!