"Ағаш отырғыз" атты патриоттық акция

"Ағаш отырғыз" атты патриоттық акция
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Мамлют ауданында "Ағаш отырғыз" атты патриоттық акция өтті.
Бұл күн – өткенге деген құрметтің, бірліктің және болашаққа деген қамқорлықтың символына айналды. Бірге ағаш отырғызу – тек экологияға қосқан үлес емес, сонымен қатар аудан тұрғындарының бойында патриотизм мен ортақ жауапкершілік рухын тәрбиелеудің маңызды қадамы. 🇰🇿
Қатысқан барлық жандарға алғысымызды білдіреміз! Жақсы істерді бірге жасау арқылы біз өткенді ұмытпай, жарқын болашақты бірге қалыптастырамыз.