«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында қаламызда «Жасыл Болашақ» экологиялық акциясы өтті.
Акцияға аудандық мәслихат депутаттары, ақсақалдар кеңесі, еріктілер, сондай-ақ қаланың бей-жай қарамайтын тұрғындары қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру үшін бірікті
Акция аясында Достық саябағында және Зоя Космодемьянская көшесінде 100-ден астам пирамидалық терек және 50-ден астам тал отырғызылды. Бірлескен күш-жігермен біз қаланы таза және жасыл ете алдық!
Қатысқандардың барлығына рахмет! Біз бірге таза және жасыл болашаққа қадам жасаймыз — «Жасыл Болашақ» бізден басталады!