2024 жылғы 16 мамырда Мамлют мәдени орталығында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында "Жастар бейбітшілік мәдениеті үшін, терроризмге қарсы!» brain game интеллектуалдық-танымдық ойыны өтті. Іс-шараға 11 ауылдық округ пен Мамлютка қаласының 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастары, пробация қызметінің есебінде тұрғандар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері және т. б. қатысты.
Ойын қызықты және танымдық болды. Нәтижесінде командалар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аталған іс-шараны орындаушы - "ДЕМЕУ" балалар проблемалары жөніндегі үйлестіру орталығы" жеке коммерциялық емес мекемесі, жетекшісі Саттарова Жұлдыз Сәлімжанқызы.