World Clean Up Day халықаралық акциясы аясында Мамлют ауданы аумағында қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бірқатар экологиялық іс-шаралар өткізілді. Акция барысында келесі бастамалар жүзеге асырылды:
- ауданның көгалдандырылуына және экологиялық жағдайын жақсартуға елеулі үлес болған 250-ден астам ағаш көшеті отырғызылды;
-жаппай сенбілік ұйымдастырылып, оған мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен жергілікті тұрғындар белсене қатысты;
10 текше метрден астам қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, сыртқа шығарылды, бұл қоғамдық орындардың тазарып, халық үшін қолайлы жағдай жасалуына мүмкіндік берді.
Акция ынтымақ, белсенділік және экологиялық жауапкершілік атмосферасында өтті. 700-ден астам адам іс-шараларға қатысып, азаматтық белсенділік пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екенін көрсетті.