«Тіл тағдыры-ел тағдыры» кездесуі

«Тіл тағдыры-ел тағдыры» кездесуі
2025 жылғы 16 қыркүйекте «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілді одан әрі дамыту мен оның практикалық қолданылуын ынталандыру, тілдік белгісі бойынша азаматтардың құқықтарының кемсітiлуiне жол бермеу, сондай-ақ оның алдын алу мен болдырмауға бағытталған шараларды қабылдау.
Кездесу барысында бірқатар сала өкілдері сөз сөйлеп, мемлекеттік тілдің әртүрлі салаларда қолданылуы мен дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Д.Қ. Тайшабай; Мамлют аудандық прокуратурасының прокуроры Д.Қ. Аширов; Мамлют ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары М.Г. Адилов; білім бөлімінің әдіскерлік кабинетінің меңгерушісі Ә.М. Қажығалиев; кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Т.А. Насибулин баяндама жасады.
Кездесуде 2023–2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасын іске асыру мәселелері, «Тіл туралы» заңнаманың негізгі ережелері, білім беру жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі, құқық қорғау саласындағы тіл мәртебесі, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік тілді қолдану мәселелері кеңінен қарастырылды.
Іс-шара мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны мен маңызын арттыруға, сонымен қатар әрбір азаматтың тілдік құқығын қорғауға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды.