«Мемлекеттік тіл – қызметтегі негізгі тіл» аудандық байқауы

«Мемлекеттік тіл – қызметтегі негізгі тіл» аудандық байқауы
2025 жылғы 11 шілде күні «Мемлекеттік тіл – қызметтегі негізгі тіл» аудандық байқауы өтті. Аудандық байқау мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қызмет салаларында кеңінен қолданылуын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Байқау 4 кезеңнен тұрды:
I кезең – «Таныстыру» – қатысушылар өздерін және мекемелерін таныстырды;
II кезең – «Жалғастыр!» – берілген сөздерді жалғастырып, тіл байлықтарын көрсетті;
III кезең – «Миға шабуыл» – қатысушылар логикалық және зияткерлік сұрақтарға жауап берді;
IV кезең – «Іскерлік құжаттар әлемі» – ресми құжаттармен жұмыс жасау қабілеттерін байқатты.
Байқау нәтижесі бойынша:
🥇 1 орын – Шамғанова Әсем (Меңкесер МҮ),
🥈 2 орын – Қаликен Замзагүл (аудандық кітапхана),
🥉 3 орын – Базарбаева Алтынгүл (Андреев ауылдық округінің әкімдігі).
Арнайы номинациялармен төмендегі қатысушылар марапатталды:
Жүсіпова Бағыт (Дубровное ауылдық округінің әкімдігі),
Вострикова Кристина (Ықылас мешіті).
Барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.