2025 жылғы 22 мамырда Мамлют мәдениет үйінде Мәдениет қызметкерлері күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Бұл кеш жылы лебіздерге, алғысқа және шығармашылыққа толы болды. Мамлют ауданы әкімі атынан мәдениетіміздің дамуына елеулі үлес қосқан құрметті азаматтарға алғыс хаттар табыс етілді. Бұл марапаттар – олардың еңбегіне деген құрмет пен ризашылықтың белгісі.
Кеш қонақтарына ауданның үздік шығармашылық ұжымдары мен орындаушыларының өнері ұсынылды. Сондай-ақ, Есіл және Жамбыл аудандарынан келген әртістер де өз өнерлерін көрсетті. Әрбір сахналық қойылым – мәдениетке, өнерге деген сүйіспеншіліктің көрінісі болды.
Бұл кеш тағы да бір рет мәдениет – халықтың жаны, оның жады мен шабыт көзі екенін дәлелдеді.