Көкшетауда «Деструктивті діни ағымдардың идеологияларына қарсы іс-қимыл әдістері мен нысандары» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Көкшетауда «Деструктивті діни ағымдардың идеологияларына қарсы іс-қимыл әдістері мен нысандары» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

2024 жылғы 21 қарашада Көкшетау қаласының аумағында деструктивті діни идеяларға иммунитетті қалыптастыру және радикалды көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Деструктивті діни ағымдардың идеологияларына қарсы іс-қимыл әдістері мен нысандары» тақырыбында дін мәселелері бойынша ақпараттық – түсіндіру топтарының мүшелері үшін оқыту семинары өткізілді.
Іс-шараға арнайы шақырылған спикерлер мен лекторлар қатысты. Олар: Сабдин Асқар Қалымжанұлы – MNU «Ислам және қазақ құқығы» орталығының директоры, Нұрбек Бекбау – медиа-журналист, блогер және Сүлейменов Жандаулет Отарбайұлы-сарапшы-теолог.
Спикерлер дайындаған түрлі тақырыптағы баяндамалар мен сараптамалардың семинарға қатысушылар үшін маңызды ақпарат болғаны сөзсіз. Атап айтқанда, «Дерадикализация жұмыстарындағы ерекшеліктер», «Интернетте қарсы насихат әдіснамасы» және «Діни экстремизмге қарсы әдіс» тақырыбында жасалған баяндамалар қатысушылар үшін орны ерекше болды.
Дәрістер тыңдалғаннан кейін тындаушылар өзара сұрақтарын ортаға салып, пікір алмасты. Семинар соңында оларға сертификаттар табысталды.