
Көкшетауда «Абай – дана» байқауы өтті.
Көкшетау қаласының «Жастар ресурстық орталығы» және “Senimen bolashaq” РҚБ Ақмола облысының филиалымен бірлесе отырып ұлы ақын, қазақтың дана ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай «Абай – дана» атты байқау өткізді.
Байқаудың басты мақсаты – жастар арасында Абай мұрасын насихаттау, оның терең ойлары мен өнегелі сөздерін дәріптеу, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру болды.
Қатысушылар ақынның шығармашылығын жан-жақты танытып, өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерінен үзінділер келтіріп, өз өнерлері мен білімдерін көрсетті.
Абайдың асыл мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рухани қазына. Осындай тағылымды шаралар жастардың білімге, өнерге және рухани дамуға деген қызығушылығын арттыра түседі.