МИБ құру

МИБ құру

Кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп ұстауды қаржыландыру және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін бір көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері "мүлік иелерінің бірлестігін" құрады. ПИК пен МИБ арасындағы түбегейлі айырмашылық - бұл бір КПҮ – бір шот-бір төраға, бұл өз кезегінде кондоминиум объектісінің ақшалай қаражатын және ортақ мүлкін күтіп-ұстауды нақты бөлуге мүмкіндік береді.
Қала 2 ауданға бөлінген, онда МИБ құру процесін Қарағанды қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары пысықтайды. "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының аппараты" ММ-Чкалов 8, тел (78-01-97); "Әлихан Бөкейхан ауданының аппараты"ММ - Архитектурная 13, тел. 37-06-42;
Сонымен қатар, Қазақстандық Кәсіпкерлер Қауымдастығының базасында Н. Назарбаев даңғ. 37 мекенжайы бойынша қолдау орталығы жұмыс істейді. Тұрғындар күн сайын "МИБ"құру мәселелері бойынша қажетті заңгерлік кеңес алатын МИБ . Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары сіздің үйіңіздің тағдыры сіздің қолыңызда! Құрметпен,
"Қарағанды қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"ММ.